КСРО ІШКІ ІСТЕР ХАЛЫҚ КОМИССАРЫНЫҢ№ 00447 ЖЕДЕЛ ҚҰПИЯ БҰЙРЫҒЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ
Кілт сөздер:
КСРО, «Үлкен террор», Қазақстан, БК(б)П, саяси қуғын-сүргін, № 00447 бұйрық, КСРО Ішкі Істер халық комиссариаты үштігі.Аңдатпа
Мақала Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың
24 қарашасындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі
мемлекеттік комиссия туралы» Жарлығын орындау және 2021 жылдың қаңтар айында жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтылған ХХ ғасыр
тарихының ақтаңдақтарын терең зерттеп, ақиқатын ашу туралы ой-пікірлерін
қолдай отырып, мәселені тарих ғылымы тұрғысынан зерделеуге арналған. Автор
ұсынып отырған мақаласында бүгінгі күнге дейін өзекті әрі ақтаңдақ мәселенің
бірі – Қазақстанда «Үлкен террордың» басталуы, № 00447 бұйрыққа сәйкес
1937 жылдың тамызынан 1938 жылдың қарашасына дейінгі аралықтағы арнайы операцияның жүзеге асырылуы, құрбандар категориясы, саны, аймақтық
ерекшеліктері мәселелерін архив деректері негізінде дәйектеуді мақсат еткен