Журнал туралы

«Ұлт жады» (National Memory / Национальная память) — республикалық ғылыми журнал. Журнал үш айда бір рет (жылына 4 рет) шығады.

Миссиясы мен мақсаты: Журнал Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдарын жариялайды. Журналдың мақсаты — архив құжаттарын зерделеу негізінде саяси қуғын-сүргін тарихын, «Кіші Қазан» бағдарламасының зардаптарын зерттеу және құрбандарды заңдық әрі саяси ақтаудың ғылыми негіздерін қалыптастыру.

Құрылтайшысы: «Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресте зардап шеккен тұлғаларды ақтау мен олардың есімдерін мәңгі есте сақтау жөніндегі «Каһармандар» Республикалық Қоғамдық қоры.

Ресми деректер:

• ISSN: 2957-6725, E-ISSN: 2957-6733.

• Тіркеу куәлігі: № KZ39VPY00050349, 09.06.2022 ж.